Денсаулық
ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ МЕН PHILIPS КОМПАНИЯСЫ ҚАЗАҚСТАН ӨҢІРЛЕРІНДЕ ОЗЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРҒА ҚОЛЖЕТІМДІЛІКТІ КЕҢЕЙТУ МҮМКІНДІКТЕРІН ЗЕРДЕЛЕУДЕ
![](https://gazet.kz/wp-content/uploads/2024/05/0-7-780x470.jpg)
Бүгін Астанада Philips компаниясының портативті ультрадыбыстық диагностика аппараттарының жергілікті өндірісін құру жөніндегі жобаға қатысу ниеті туралы келісімге қол қойылды.
Медициналық мекемелердің қабырғасынан тыс УЗИ-жүйелерді қолдану пациенттерге сапалы медициналық диагностиканы жедел жүргізуге және нақты уақыт режимінде телемедициналық консультациялар жүргізуге мүмкіндік береді.
Тараптар осындай озық медициналық технологияларды дамыту шалғай аудандар мен ауылдардың тұрғындарына, сондай-ақ төтенше жағдайлар кезінде көмек көрсетуде ерекше маңызды екенін атап өтіп, ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді.