Мәдениет

«ASTANA MUSICAL» театры Халықаралық комедиялық театр фестивалінде үздік деп танылды

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының «ASTANA MUSICAL» театры сахналаған «№13» спектаклі Халықаралық II «Сәлем» комедиялық театр фестивалінде «Үздік комедиялық спектакль» номинациясы бойынша үздік атанды.

Биыл фестиваль Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, жазушы-драматург Сәкен Жүнісовтың 90 жылдығына арналды.

«Сәлем» фестиваліне еліміздің танымал театрлары,одан бөлек Әзірбайжан мемлекеттік «Пантомим» театры, Түркияның Ыстанбұл мемлекеттік театры қатысты.
«ASTANA MUSICAL» Рэй Кунидің «№13» комедиясын ұсыып, қазылар алқасының жоғары бағасын алды.

«ASTANA MUSICAL» ұжымын жеңісімен құттықтаймыз және шығармашылық табыс тілейміз.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Back to top button