Басты жаңалықтарБілімҚоғам
Астанада қазақ тілін тегін үйрететін курсқа жазылу басталды
![](https://gazet.kz/wp-content/uploads/2025/01/image_l-780x470.jpg)
Астанада ересек тұрғындарға қазақ тілін тегін үйрететін курсқа жазылу басталды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Астана қалалық Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы, «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 3 ақпаннан бастап елордалық тұрғындарға қазақ тілін тегін оқыту курсын бастайды.
Курсқа қатысу үшін өтініш 2025 жылдың 13 қаңтардан бастап 31 қаңтар аралығында қабылданады.
Мекенжайы: Бейбітшілік көш.9, 209 кабинет.
Байланыс телефоны: 8 7172 24 90 52.