ҚР Үкіметі мен БҰҰ арасындағы келісім бекітіледі
Қорғаныс министрлігі «2024 жылғы 14 ақпандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлінуді бақылау жөніндегі күштеріне (UNDOF) ресурс ұсынатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға хат алмасу нысанындағы келісімге қол қою туралы» НҚА жобасын дайындады.
Үкімет қаулысының жобасы БҰҰ миссиясында (UNDOF) Қазақстан Республикасының бітімгерлік контингентін өрістету жөніндегі қаржылық мәселелерді реттеу мақсатында әзірленген келісім жобасын мақұлдау мақсатында әзірленіп отыр.
Біріккен Ұлттар Ұйымы өзара түсіністік туралы меморандумға сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметіне персонал шығындарын өтейді (әр әскери қызметші үшін ай сайын 1448 АҚШ доллары).
ҚР Қарулы күштері әскери қызметшілерінің бітімгерлік миссияларға қатысуын ынталандыру және сапалы қызмет өткеруін қамтамасыз ету мақсатында БҰҰ-ның персонал үшін төлемдерін тікелей әскери қызметшілердің өздеріне жүзеге асыру ұсынылады.
Үкімет қаулысы жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында ағымдағы жылдың 24 мамырына дейін «Ашық НҚА» бөлімінде мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15041665